USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қызылордада газ баллонының жарылуы: оқиғаның себептері анықталды

  • 21.қараша.2019, 21:00,
  • 688

Қызылорда қаласында газ баллоны жарылуы салдарынан орын алған өртке байланысты оқиғаның себептері анықталды.

Бұл келеңсіз жағдай 20 қараша күні 18.00 шамасында болған еді . Жергілікті "112" нөміріне Қызылордадағы "Бәйтерек" шағынауданында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.


"Оқиға орнына жедел жеткен №4 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік есебі жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын тұрғын үйде газ баллонын дұрыс пайдаланбауынан газдың жылыстауы пайда болғаны анықталды. Жарылыс салдарынан үй құлаған. Өртті сөндіру барысында 27 және 50 литрлік газ баллондары сыртқа шығарылды. Сондай-ақ, үй ішінде болған 2 адамды қатты күйік шалған. Оларды көршілері жеңіл көлікпен дер кезінде ауруханаға жеткізген. Өрт сөндіру қызметінің жылдам іс-қимылының нәтижесінде көршілес орналасқан үйге өрттің таралу қаупі уақтылы тоқтатылды. Өрт 19 сағат 34 минутта оқшауланып, 19 сағат 43 минутта толығымен сөндірілді", - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.





скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
23.10.2019
11.09.2019
12.08.2019
06.08.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031