Гуманитарлық көмек арбалары Қазақстанның түпкір-түпкірінен Шымкент пен Түркістан облысына тиіліп әкелінуде. Соңғы 2 күн ішінде жәрдем көрсету бекеттеріне 518 тонна азық-түлік, киім-кешек, алғашқы қажеттіліктегі заттар, дәрі-дәрмектер және құрылыс материалдары жеткізілді.