USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар

  • 20.наурыз.2021, 12:48,
  • 461

Биылдан бастап, Ұлыстың ұлы күні наурызды 14-23 наурыз күндері аралығында 10 күн тойланбақ. Соның төртіншісі, яғни, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Бұл мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тамырлас. Өйткені, тарихи сананы дұрыс қалыптастырмай, болашақты бағдарлау қиын. Сондықтан, аталған мейрамды атап өту – маңызды.

«Тарихқа тағзым күні» мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сонымен қатар төл тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында аймақтағы ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару жоспарланып отыр.

Бұл күні, әсіресе өткен ғасырдың бас кезінде тәуелсіздікке ұмтылған халық рухының өміршең идеяларын насихаттауға үлес қосып, азаттықтың ақ таңын аңсап, осы жолда құрбан болған және патриоттықтың жоғары деңгейлі озық үлгісін паш еткен Алаш арыстарының есімін ұлықтауды атап өткен жөн. Өйткені, тәуелсіздіктің алғышарттары осы кезеңде анық көрінді және сол жолдағы күрес басталды.

Желтоқсан оқиғасы да сол басы бұғауға сыймаған асқақ рухтың шырқау шегіне жеткен тұсы еді. Осы мерекеде Желтоқсан оқиғасының батырлары мен олардың ерліктері басты назарда болары анық. Бұл туралы Наурызды 10 күн тойлау туралы құжатта да айтылған.

– Мықты мемлекет болу үшін мемлекетшілдік идеясы қажет. Сол идея арқылы біз ертеңгі күні елге иелік ететін жастарды рухы мықты қылып тәрбиелейміз. Тарихты тануға, салт-дәстүрді, баба тілімізді құрметтеуге, төл тамырынан ажырамайтын өресі мықты етіп өсіреміз. «Тарихқа тағзым күнінің» осындай үлкен миссиясы бар. Бұл күн «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласы һәм Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен астасып жатыр. Алдағы уақытта бұл күннің толық тұжырымдамасы бекітіліп, кең көлемде атап өтеміз деп ойлаймын. Сондықтан, осындай үлкен мәні бар мерекелерді елеусіз қалдырмай, оны кеңінен елге насихаттауға әрқайсымыз мүдделі болмағымыз ләзім, – деді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Нұртас Смағұлов.

Сондай-ақ, «Тарихқа тағзым күні» туралы мектептердегі тарих пәнінен өтетін ашық сабақтарда да оқушыларға айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

– Наурыз мерекесіне орай онкүндіктер, апталықтар өткіземіз. Киіз үй тігіп, оның бөліктерін балаларға үйретеміз. Асық, тоғызқұмалақ сынды ойындарға баулимыз. Оқушылар бірбіріне сыйлық береді, бата жаттап, ертегілерден үзінді оқиды. Батырлар мен билердің өнегелі өмірінен сахналық көріністер көрсетеді. Осының бәрі олардың тарихи білімдерін тереңдетуге әсер етеді. Алдағы уақытта Наурызды 10 күн тойлау барысында осы «Тарихқа тағзым күніне» орай, қалалық білім бөлімі тарапынан, ұстаздарға Алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар тағайындалса нұр үстіне нұр болар еді. Мұны сондағы басқа да, «Жайлау күні», «Шежіре күні» сияқты атаулы күндерге қатысты сол саланың үздіктерін де марапаттауға әбден болады. Өйткені, ынталандыру бар жерде жұмыс істеуге құлшыныс, күш-жігер пайда болады, – дейді №4 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асқар Еркебаев.

Жалпы, Ұлыстың ұлы күнін 10 күн тойлауға деген талпыныстың өзі – тарихымызға деген оң көзқарасты білдіреді. Өйткені, бұл бізге дейін болған. Бұрын да бабаларымыз жыл басын осылай 10 күн тойлаған. Соның заман талабына сай жаңғыруы – бұл.

Тағы бір ескерер жайт, Наурызды тойлаудың 14 наурыздан басталуында жатыр. Себебі, 22 желтоқсанда күн мен түн теңеліп, күн қысқарып, түн ұзарады. Ал, наурыздың 13-нен 14-не қараған түні жаңадан ай туып, жыл басталады. Осы екі аралықта тура 81 күн бар екен. «81 тастан тұратын тоғызқұмалақ ойынын наурызда ойналатын ұлттық ойындар қатарында болуы да осы жыл кіргенге дейінгі 81 күнмен байланысты болуы тиіс», – дейді сала мамандары.

Ендеше, жұлдызға қарап, ауа райы мен қауіп-қатерді алдын ала сезген бабалардың терең ойлауға, жаңаруға бастайтын Наурызды 10 күн тойлауы жай дүние емес. Тәуелсіздіктің арқасында тарих қойнауынан қайта оралған баба жолының мәні – зор. Оның ішіндегі, «Тарихқа тағзым күнінің» орны ерекше деп есептейміз.



#мейрам #Наурыз #мереке #тарих #тағзым 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.11.2020
22.09.2020
Зобалаң зардабы – зілбатпан

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі қаншама рет төнді. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

20.09.2020
01.07.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031