USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зобалаң зардабы – зілбатпан

  • 22.қыркүйек.2020, 13:48,
  • 961

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі қаншама рет төнді. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең ауыр қайғысы атанған сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа байланды. Көрнекті тарихшы ғалым К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» атты кітабында: «1930 және 1932 жылдардағы бұрынғы Алаш қозғалысына белсенді түрде қатысқан қазақ зиялыларының басым көпшілігі саяси сот процестері шығарған үкімге байланысты әртүрлі ұзақ мерзімдерге концлагерлерге айдалды, атылды, жер аударылды. Одан аман қалғандарына «халық жауы», «шетелдер пайдасына қызмет еткен шпион» деген жалған айыптар тағылып, 1937-1938 жылдардағы үлкен террорда жаппай атылып, айдалды» деген қорытынды жасаған еді. Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.
Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған біздің отандастарымызды еске алады.
Міне, бүгінгі таңда жандарын шүберекке түйіп, бастарын оққа байлаған арыстарымыз армандаған тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудеміз. Сол тар жол, тайғақ кешуде тағдыры опат болған жандарды, ұрпақ жадынан шығармау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде қуғын-сүргінге ұшыраған біртуар азаматтарымыздың құжаттарының көшірмесі қойылған. Осы орайда онлайн экскурсиялар жүргізіліп, әлеуметтік желілерде жариялануда. Себебі бұл нәубеттің елімізге, соның ішінде әулиеаталықтарға да салған салмағы аз емес. Ендігі кезекте, тарихта аттары алтын әріппен жазылған кешегі алаш азаматтарының, оның ішінде «Үлкен террордың құрбандары» болған қаламгерлердің, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімдерін жас ұрпақ ешқашан ұмытпауы тиіс!


(с)        Гауһар Қырқымбаева,      облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі



#зобалаң #зардап #ақтабаншұбырынды #репрессия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2020
15.08.2020
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930