USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тарихта қалған із

  • 10.қараша.2020, 16:25,
  • 923

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы Оразгүл Мұхатованың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақ университеті» баспасынан шыққан «Асылбек Сейітов – тарихта қалған із» атты Алаш ардақтысы Асылбек Сейітовтің өміріне арналған монографиясының тұсаукесер рәсімі болды.

Шарада Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің бас директоры Абзал Ботанов, бас сарапшы Ләйлә Рахипова, А. Сейітовтің қызы Сейітова Клара апайымыз бен кезінде өзі негізін қалап кеткен қазіргі №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Гүлшахира Әжімұқанқызы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Асан Қаныбекұлы және де қос жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық құндылықтарымыз бен кезінде қазақ халқы үшін күресіп елі мен жерінің дамуына қызмет еткен, көпшілік қауым біле бермейтін тұлғаларымыздың есімін қайта жаңғырту болып табылады. Осы орайда ҚазҰУ оқытушылары аталмыш бағдарламаның кең өріс алып дамуына өздерінің үлестерін қосып келеді.

Аталмыш шараға жиналған қауым Алаш қайраткерлерімен бірге қазақтың бостандығы үшін күрескен, 1937 жылы жазықсыз жаланың құрбанына айналған А. Сейітов туралы ескірмес естеліктермен бөлісті.

«Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген монография студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, архивтану және құжаттану пәндерінен дәріс беретін оқытушыларға, зерттеушілерге арналған.  

Шара барысында Оразгүл Мұхатова монография жазу барысындағы көптеген тың ақпараттарға қалай қол жеткізгені жайлы көпшілікпен бөлісті. «А. Сейітовтің шынында да қазақ халқы үшін өлшеусіз еңбек еткендігіне кітап жазу барысында көз жеткіздім. Осы уақытқа дейін көпшілік А. Жұманұлының кім екенін және оның еңбектерін білмей келді. Осы жазылған монография оқырманды тарихқа қайта үңілтіп, арыстай азаматтарымыздың есімдерін жадымызда сақтап, насихаттауға шақырады. А. Сейітовтің негізгі мамандығы дәрігер болған, кезінде елде жұқпалы аурулар тарап, халық жаппай қырылып жатқан кезеңде ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өлшеусіз қызмет жасаған. Сонымен қатар А. Жұманұлы дәрігер бола жүріп қоғамдық жұмыстарды да бірге ала жүрген. Алаш қайраткерлерінің жанынан табылып, С. Сейфуллиндермен қазақ халық үшін тығыз жұмыс жасаған. Мен осындай дана тұлғаның өмірін зерттеп, оны кітап қылып жазып, келер ұрпаққа аман етуді өзімнің ұстаз, тарихшы ретіндегі парызым деп санаймын. Еліміз үшін аяусыз еңбек жасаған А. Сейітов сияқты дана да дара тұлғаларымыздың есімі тарихымызда алтын әріптермен жазылып, жадымызда жатталып, келе ұрпаққа әрдайым да насихатталып тұруы тиіс», – деді кітап авторы Оразгүл Мұхатова.

Сонымен қатар тұсаукесер рәсімінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  4 курс студенттері Дінмұхамед Балғабек пен Азиза Сулайманова А. Жұманұлының еңбектері туралы өз зерттеулері мен баяндамаларын да оқыды.

Сондай-ақ шараға жиналғандар А. Сейітовтің есімін қайта жаңғырту мақсатында Алматы қаласында бір көшені және де кезінде негізін өзі қалап кеткен №5 ауруханаға А. Жұманұлының есімі берілсе, келер ұрпаққа үлгі-өнеге әрі бағасыз аманат болып қалары ақиқат.



#тарих #із #монография #сейітов  

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.10.2020
22.09.2020
Зобалаң зардабы – зілбатпан

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі қаншама рет төнді. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

26.08.2020
15.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930