USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарасай батырдың батасы

  • 28.қыркүйек.2020, 18:21,
  • 1 059

Қартайған шағында Қарасай батыр балаларына былай деп өсиет айтыпты.


- Сендер тіршілігінде әулие атанған Алтынай абыздың немересі, Қарасай батырдың балаларысыңдар. Жақсы қыз- жағадағы құндыз, жақсы ұл- көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы. Көпке салса дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен елдің, жердің қамын ойлаңдар. Сөзіме терең бойлаңдар. Дауға араласпай әділін қақ тіліп айтар биге жүгініңдер. Әулекі би ат үстінен билік айтып, елді бүлдірер. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын биді алыңдар.


Биік төбеге шықсаң - көзің ашылады.
Жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң, дауың басылады. Хас батырмен бірге жүрсең, жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы болсаң, әруағыңды асырады..
Жақсы жан ешкімді жатырқамайды.
Жақсы жолдас ешуақ алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп тыңдайды.
Жақсы сөз дем берер,
Күш - қуат әл берер.


Батыр төрт ұлына төрт асықты жілікті тұтас мүжітіп, төрт асығын алып, оң жақ босағасына апарып көміпті де: "Ынтымағы жарасқанның ырысы артық,, мен бұл қара шаңырағымның оң босағасына бұл асықтарды әдейі көмдім. Төртеуіңнің ешқашан уық- керегелерің ажырамасын. Араларыңа қылау түспесін. Сонда береке- құттарың тасып, жақсылық өзі келеді. Ал біріңді- бірің көре алмай, күншілдік етсеңдер, берекелерің кетеді. Осыны кейінгі ұрпақтарыңа аманат етіп жүріңдер Қарасай батырдың өсиеті деп! - деген екен.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2020
27.07.2020
04.05.2019
24.05.2019
04.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930