USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ілияс Жансүгіровтың Фатима Ғабитоваға жазған хаты

  • 04.мамыр.2019, 15:30,
  • 789

Шынай сезімін және ішкі дүниесіндегі ойын ашық жазған хат

Сүйікті Патима! 

Хатыңда алып, хат жазуға асығып отырмын. Сенен хат алсам, жауап жазуға асығам. Өйткені сені сағынам. Сені ойлаймын… Мен жәрдемді сенен күтем. Сен — маған үлкен қуатсың. Сенімен сөйлескім келеді, сенімен хабарласқым, хаттасқым келеді. Менің саған жазған хаттарымды осы сарынның барлығын жасыруға болмайды. Сен менің бұл сөзімнен әлде нәрсе ойлауың мүмкін, бірақ оның бәрі қате. Мен сенен еш нәрсе де күтпеймін. Мені қалай бағаласаң, не десең — сенің өз еркің. Мен сені қатты жақсы көрем, қатты сүйем, бірақ менің бұл сүюім сені еш нәрсеге міндеттендірмейді… Мен сықылды мені де сағынуды, сүюді, сыйлауды — мен сенен күтпеймін. Сен оны істеме… Менен грязный нәрсе және күтпе… Онда қаталасқаның… Мені босқа күйдіруші болма… Маған керегің — жәрдемің, достығың. Мен тек, саған жанымды жеңілтіп, сырымды сөйлейтін болайын. Сен менің сөзімді көтереді, түсінеді деп ойлаймын. Егер сен менің саған айтқан бұл сырларымды бағаласаң — менің өмірімде бір терең із қалдыратын бір жақынымсың. Осы туралы толық жауап жаз. Өз пікіріңді айт, шешіле айт. Бір-бірімізді үгітпен ұғындырып жататын кісі емеспіз ғой. Ашық жауап күтем…

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930