USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бабаларымыздан қалған аманат

  • 07.июля.2020, 14:14,
  • 715

Шымкент қаласының 2200 жылдығымен тұспа-тұс келген “Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы ” жылына орай шаһарда “Бабадан қалған боз кілем”атты онлайн көрме өтті.

XIX-XX ғасырларға тиесілі қолдан тоқылған түрлі кілемдер мен алашадан бөлек басқұр, уықбау сынды киіз үй жабдықтары көрсетілімге шығарылды.


Іс- шараның басты мақсаты ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету. Шымкентте Көрме орталығының ұйымдастыруымен қазақтың бабадан балаға мұра болып келе жатқан ұлтық кілем тоқу өнерін насихаттап жүрген , кілем жинақтаушы Дана Бектаеваның онлайн тікелей эфир көрмесі халыққа ұсынылды.


Көпшілікке ұсынғалы отырған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Барлығы қолдан тоқылып, табиғи материадардан өндірілген өнім. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, дені Сыр өңірінен табылған.Қызылорда облысында қазақы кілемдер көптеп сақталса, алаша негізінде Ақтөбе өңірінен алынған.


Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілі, әр сызықтың түр-түсінің айтар ойы тереңде. Сан ғасырлар сорабынан сыр шертетін тарихи дүниелер — кілемдер арқылы сол заманның тарихы, тыныс тіршілігі,көне кілемдердің маңызы кеңінен насихатталды.


#тарих #кілем #көрме #киізүй #Шымкент

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.06.2019
04.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930