USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Берел қорымы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш

  • 28.июля.2020, 12:47,
  • 2 188

Сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш саналатын Берел қорымы ШҚО, Катонқарағай ауданында. Құпиясын ішіне бүккен тарихи қорғанда обалардың саны мыңнан асуы мүмкін. Қазір бізге бірнеше жүзден астамы ғана белгілі.

Қорымды алғаш рет Вильгельм Радлов зерттесе, кейін Сергей Сорокин археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Соңғы жылдары Зейнолла Самашев жұмысты жалғастырып, 1998 жылы қорғанның «патшалық оба» кезеңін зерттеу кезінде алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапты.

Бір қызығы, археологтар тапқан олжалар жақсы сақталған. Жер бетінің бір қабат ерімеген тоң мен үстіне үйілген оба тастары да табыттарға ауа мен су кіргізбей сақтаған. Тіпті, киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімеген. Тағы бір қызықты дерек. Сақтар марқұм Алтайдан асады, сол жаққа жетуге аттары көмектеседі деп түсінген. Бірінші жылқыға ағаштан мүйіз жасап, таутекенің күшін берген. Мамандар жерленген қырқұйрықтардың осындай ондаған түрін кездестіріпті. Әрі жерленген жылқылардың 80-90 пайызы, 20-25 жасар, яғни, кәрі.

Бүгінге дейін ол жерден сексеннен астам жылқы сүйегі табылған. Сәйгүліктердің жеген шөбін зерттеген ғалымдар оның 13 табиғи белдеу өсімдіктері екенін анықтаған. Берел қорғанынан табылған сан түрлі аң үлгісіндегі әшекейлер – сол кездегі наным-сенімді, ырымды білдірсе керек. Әшекейлердегі самұрық, қошқар мүйіз ою, таутеке мүйізі мен қыранның еліміздің мемлекеттік рәміздерінде кездесуі бекер емес. Ең маңыздысы, бұл мемлекеттігіміздің сонау 2500 жылдан да бұрын басталғанын аңғартса керек.


#тарих #сақтар #берелқорымы #сақдәуірі #ШҚО

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2020
08.07.2020
04.10.2019
02.06.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930