USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қосшы мен Қояндыда интернет неге сапасыз? Мусин жауап берді

  • 13.мамыр.2021, 14:26,
  • 314

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі елорда маңындағы сапасыз интернет мәселесін қалай шешетіндерін айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласының маңында байланыс сапасына байланысты проблемалар бар. Олар қалалардағыдай өте жоғары жүктеменің түсуімен байланысты. Біз Қосшы мен Қоянды спутниктік елді-мекендер екенін жақсы түсінеміз, онда, негізінен тұрғындар кешке оралады. Егер ресми статистиканы алатын болсақ, онда Қосшыда 10-15 мың адам тұрады, егер оны ұялы байланыс базасына, ұялы байланыс операторларына сәйкес есептесек, онда 60 мыңға жуық адам тұрады деп есептеуге болады. Сондықтан, бұл жүктеме - өте үлкен, - деді Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде.
Ол қазір министрлік базалық станциялардың санын көбейтуге тырысып жатқанын атап өтті. Мысалы, олар Қосшыда екі есеге өскен, ал Қояндыда жұмыс енді жүрзілііп жатыр.

Үй шаруашылығына сапалы интернетпен қаматасыз ететін FBA технологиясы бар. 3G, 4G арқылы мобильді Интернет түрінде ғана емес, сонымен қатар үйде Wi-Fi түрінде орнатылған жоғары сапалы интернетті қолдануға болады. Бұл мәселе шешіледі, - деп түсіндірді ол.



#интернет #сапа #Мусин #жауап #Қоянды #Қосшы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.01.2021
10.10.2020
02.09.2020
29.07.2020
20.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031