USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шенеуніктердің әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланады

  • 10.қазан.2020, 13:48,
  • 586

Қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланады.

Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттік қызметшілердің әйелдері әлеуметтік желілерде белсенді түрде блог жүргізеді.  Бұл дегеніміз, олар демеушілерден сыйлықтар немесе тауарларды жарнамалау үшін ақша алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа Заң енгізілгеннен кейін оларға абай болу керектігін ескертті.

"Әйелдері сыйлықтар ала алады, егер бұл күйеуінің қызметіне байланысты болмаса, бірақ егер сыйлық берушінің пайдасын алу кезінде себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда бұл жазаға тартылады. Яғни, демеуші мен мемлекеттік қызметшінің қызметі байланысты еместігін ескеру қажет", - деп жауап берді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құны 2 АЕК-тен төмен сыйлық алғаны үшін шенеуніктің туыстарына 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салуға болатыннын баса айтты.  Егер сыйлық қымбатырақ болса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды. Оған сәйкес, енді шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынады.



#блогер #шенеунік #әйелдер #сыйлық #жаза 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930