USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыдағы учаскелер сайлауға 100% дайын

  • 09.қантар.2021, 11:02,
  • 334

Екі бюллетень болады: Мәжіліс пен мәслихат үшін.

Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова жалпықалалық баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық туралы айтты. 

Ж. Асанова атап өткендей, 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталып, 20.00-ге дейін жалғасады. Сайлау учаскелері сағат 6.00-де ашылады. Сағат 6.00-ден 7.00-ге дейінгі уақыт ішінде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін орындарды, сайлау урналарын, барлық құжаттарды дайындайды. Әр сайлау учаскесінде тұрақты тіркеу бойынша жасалған сайлаушылардың тізімдері бар.


Қазір жергілікті атқарушы органдармен бірігіп ашқан байланыс орталығына көптеген қоңыраулар келіп түсуде. Телефон бүгін де жұмыс істейді, нөмірі - 21-10-01. Осы нөмірге қоңырау шалып, әркім өзінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты біле алады, - деді Ж. Асанова.


Оның айтуынша, байланыс орталығына "Мен неге тізімде жоқпын?" деген сұрақ жиі түседі екен. Мәселені тексеру барысында адамның тіркелмегені немесе басқа қалада тіркелгені анықталады. Ж. Асанова Алматыдағы сайлаушылар тізіміне Алматыда тіркелген азаматтардың ғана енгізілгенін тағы бір рет еске салды. Қалған азаматтардың барлығы есептен шығару куәлігі арқылы дауыс береді.

Дауыс беру процедурасы "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген. Сайлаушы өзін тізімнен табады, қолын қояды, бюллетень алады. Екі бюллетень болады: Мәжіліс пен мәслихат үшін. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған екі трафарет болады.

Бұл өте маңызды. Егер жанары нашар жақындарыңыз, достарыңыз болса оларға осыны түсіндіріңздер. Мәжіліс бюллетеньі төртбұрышты тактильді болады, мәслихаттікі – дөңгелек. Бұл туралы арнайы ролик түсіріліп, сайлау учаскелерінде көрсетілуде, - деді Ж.Асанова.


Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Барынша кең арнайы кабиналар бар. Олар үшін барлық сайлау учаскелері бірінші қабаттарда орналасқан.

Ж. Асанова журналистердің кабиналардың алдыңғы перделерінің жоқтығына орай қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл шара коронавирус жағдайымен байланысты екенін айтты.


Кабинка қалай болғанда да жабық кеңістік, алдыңғы перде кедергі. Адам кірген кезде оған бәрібір бетін тигізеді. Біз қанша сайлаушылар келетінін білмейміз. Қазір коронавирустың таралу қаупі әлі де бар болғандықтан, біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысымен келісеміз және оны бастны назарда ұстаймыз. Сондықтан, биыл алдыңғы перделерсіз дауыс береміз, - деп түсіндірді Ж. Асанова.


Осындай талаптар өткен жылдың тамыз айындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде де қойылған болатын.

Барлық учаскелік комиссиялар қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген: маскалар, ауыстыру мүмкіндігі бар антисептиктер, антисептиктермен суланған кілемшелер. Көшпелі комиссиялар қорғаныш костюмдерімен қамтамасыз етілген.

Үйде дауыс беру үшін учаскелік сайлау комиссиясына өтінішті ертең, 10.01.2021 жылы сағат 12.00-ге дейін жіберу керек.

Сайлау учаскелері туралы ақпарат қалалық "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланды. Сондай-ақ, қалалық әкімдіктің сайтында "Сайлау" бөлімі бар, онда барлық жан-жақты ақпарат берілген. Сіз сондай-ақ байланыс орталығына немесе Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің сайтына қоңырау шала аласыз, мұнда "Өзіңізді сайлаушылар тізімінен табыңыз" батырмасы бар. Толығырақ ақпарат алу үшін сіз ХҚКО-ға хабарласуыңызға болады.



#сайлау-2021 #оск #алматы #мәжіліс #мәслихат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.01.2021
05.12.2020
29.10.2020
22.10.2020
09.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930