USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Президенттен сөз естіген цифрлық даму министрі Жұмағалиев тағынан кетті

  • 20.июля.2020, 15:00,
  • 367

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 шілдеде Асқар Жұмағалиевті цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатты.

Ал осыған дейін Тоқаевтың кеңесшісі болған Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Ол министр міндетін атқарады.

Дүйсенбі, 20 шілдеде Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босады.

Маусым айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты бірнеше қала мен облыс әкімдеріне, ведомство басшыларына сөгіс жариялаған. Олардың арасында Асқар Жұмағалиев те бар.

47 жастағы Жұмағалиев әр жылдары "Қазақтелеком" компаниясын, "Қазтомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы, көлік және коммуникация министрлігі мен байланыс және ақпарат министрлігін басқарған.

37 жастағы Бағдат Мусин наурыз айында президенттің цифрлау және инновациялық технология бойынша кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Әр жылдары әділет министрлігі, ақпарат және байланыс министрлігі, көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған. 2014 жылы "Қазпошта" компаниясының төрағасы болды.

2017 жылы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетін басқарды. 2018 жылы өз еркімен бұл қызметтен кетті. Ол сол уақытта денсаулығына байланысты және бизнес жобаларын жүзеге асырғысы келгендіктен мемлекеттік сектордан кететінін айтқан еді.


#тоқаев #министр #жұмағалиев #сөгіс

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930