USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысындағы мұнайшылардың кезекті митингісі

  • 07.мамыр.2021, 12:37,
  • 326

Атырау облысында "Теңізшевройлдың" мердігері "Казстройсервис" мекемесінің жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріріп, митингке шықты. 

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.


"Қазір митинг болған жерде 50-ге жуық адам қалды, олармен әкімдік пен ТШО өкілдері сөйлесіп жатыр, қалған жұмысшылар тарап кетті. ТШО-ның жобасына біздің барлығы 511 қызметкер тартылған. Мәселе былай, жалақы жұмыс сағатының және нақты жұмыс істеген сағатқа сәйкес есептеледі - бұл формуланы ҚР Қаржы министрлігі бекіткен. Ставка айлар бойынша «секіріп» кетуі мүмкін, бірақ тұтас жылмен есептегенде еңбек шартында белгіленген жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тамақтану және тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар болды. Бірақ ТШО тұрақты түрде аудит жүргізеді, онда талап айтарлықтай жоғары және кез келген жағдайда біз қызметкерлердің шағымы мен талаптарын орындауға тырысамыз. Бұған дейін шағым болған жоқ", - деп хабарлады компания басшылығы.


 


ТШО-ның өзінде былай деп хабарлады: "Компанияға "KazStroyService" қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері жалақыны есептеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені белгілі. ТШО жағдайды мұқият қадағалап отыр. Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге кірісіп жатыр. Бұл қосалқы мердігер ұйымның ішкі мәселесі болғандықтан, барлық сұрақтарды осы компанияның басшылығына жолдағаныңыз жөн".

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.01.2021
30.10.2020
21.08.2020
07.08.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031