USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Серік Сәпиев бала күту үшін демалысқа шықты

  • 21.августа.2020, 10:30,
  • 453

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. 

Спорт комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты, ал оның ұсталғаны туралы алып-қашпа әңгімелер - жалған. «Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметінен. Бұл ретте, әлеуметтік желіде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі қонақтарын өзінің шеберлік сабағына шақырған видеосы тарады.



#серіксәпиев #балакүтімі #саясат 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031