USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"СК-Фармация" төрағасы: "750 мың теңге жалақы алам"

  • 07.августа.2020, 15:30,
  • 626

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының жалақысы алдағы кеңесте бекітіледі. Ал әзірге компания басшысының жұмысы үшін 750 мың теңге төленеді екен. Бұл туралы компанияның басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі айтты. 

– Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек, – деді ол.


Оның сөзінше, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарлануда.

Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін "СК-Фармация" енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемек ниетте.


– Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағаларымызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымыздың құралуын ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз, – деді Есқалиев.



#скформация #жалақы #есқалиев 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2020
19.07.2020
12.07.2020
10.07.2020
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930