USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ресейлік дәрігерлерге ризашылығын білдірді

  • 30.июля.2020, 09:00,
  • 855

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пандемиямен күреске жұмылдырылған ресейлік дәрігерлерді қабылдап, алғыс айтты, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Қазіргідей қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайда ресейлік дәрігер мамандардың Атырауға келуі дер кезінде жасалған көмек болды. Қазір науқастар саны азаюда. Атыраулықтардың коронавирус инфекциясынан сауығу динамикасы да жоғары. Бастапқыда дəрігер тапшылығы қатты байқалды. Қазір медицина саласы жас кадрлармен толығып, мəселе шешіліп келеді, – деген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов дəрі-дəрмек, қажетті жабдықтар бойынша бүгінде облыста қор жасақталып жатқанын атап өтті.

Облыстық кардиологиялық орталықтың қауіпті аймағында екі апта уақыт еңбек еткен Астрахан делегациясы құрамындағы Жедел жәрдем стансасының дәрігері Анна Чепель атыраулық әріптестерінің өз ісінің шебері екенін айтты.

Атыраулық әріптестеріміз шын мәнінде бар өмірін жұмыста өткізіп жатыр. Бұл – үлкен еңбек. Бұған біз коронавирус инфекциясына және пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу шараларына тікелей атсалысу кезінде куә болдық. Қазақстандық тарап қолданып отырған препаттар біздің емдеу хаттамамызға толық сәйкес келеді, – деді ол.

Мәскеу делегациясын бастап келген Владимир Власов болса, Атырау облыстық №2 ауруханасында жұмыс істеген. Ресейлік дәрігер Атырауда қалыптасқан қазіргі ахуалды Ресейдің наурыз, сәуір айларында бастан өткергенін айтты.

Бастысы, стационарларда ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде. Кадр мәселесі де қазір шешіліп келеді. Сырқаттанып қалған дәрігерлер де қатарға қосылуда. Біз де әріптестерімізден біраз нәрсені үйрендік. Бұл жерде атыраулық дәрігерлердің кәсіби шеберлігін және өз өмірін, отбасын қауіпке тіге отырып, адам өмірін жанқиярлықпен құтқару жолында еңбек етіп жүргендерін атап өткеніміз жөн, – дейді ол.

Еске сала кетелік, шілде айының ортасында Ресей Федерациясынан мәскеулік және астрахандық дәрігерлер Атырау облысына медициналық көмек көрсету үшін келген еді. Екі апта бойына Атыраудағы инфекциялық және провизорлық стационарлардағы қауіпті аймақтарда науқастарды емдеумен айналысқан 11 дәрігердің қатарында анестезиолог-реаниматолог, пульманолог, инфекционист, жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатрлар бар.

Бүгінгі күні Атырау облысында эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанып келе жатқанын атап өткеніміз жөн. Осыған байланысты Атырауда карантиндік орындар саны 90%-ға дейін қысқартылып, провизорлық стационарлардағы керуеттер азайтылып жатыр. Тамыз айынан бастап Атыраудың медициналық орталықтары жоспарлы емдеу шараларына көшеді.​​​​​​​



#атырау #әкім #алғыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2020
08.07.2020
10.04.2020
02.04.2020
17.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930