USD 538.56
EUR 625.65
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Цой: Қазақстан 12 күннен бері "қызыл" аймақтан шыға алмай келеді

  • 12.сәуір.2021, 10:58,
  • 387

Қазақстан 12 күннен бері "қызыл" аймақта. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

"Республика 12 күннен бері "қызыл" аймақта. Сонымен қатар, сегіз өңір "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, БҚО, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.  

Өткен аптада "сары" аймаққа төрт өңір кірді. Бүгінде бұл аймақта жеті өңір: Шымкент қаласы, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары.  

"Жасыл" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары ғана", - деді министр үкімет отырысында. 

Алексей Цой сәуірде эпидахуал наурызбен салыстырғанда нашарлағанын айтады. Сәуірде 11 күнде 24 955 жағдай тіркелген. 

"Науқастар саны үш есе өскен. Бір тәулікте 2800 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Науқастар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа өңірлерде өскені байқалады", - деді Цой.



#қызылаймақ #коронавирус #Цой #ДСМ #карантин 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.01.2021
09.12.2020
19.08.2020
09.06.2019
09.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031