USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Асқар Мамин коронавирус өршіп тұрған екі облыстың басшыларына тапсырма берді

  • 04.августа.2020, 15:00,
  • 437

ҚР Премьер-министрі эпидемияға қарсы шараларды күшейту керектігін айтты.

- Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай оң бағытта өзгеруде. Коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының күн сайынғы өсімі 1,2% -дан аспайды. Бүгінгі күні барлық жұқтырған науқастардың 69,4% -ы емделіп, жазылды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Ауруханаларға түскен жүктеме көлемі 36% дейін азайды, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.


Апта қорытындысы бойынша вирустың өнімділік деңгейі 1-ден төмен көрсеткіші Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелді. Бұл ретте, Қостанай және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш 1-ден жоғары тұрғанын да айта кетелік. Осыған байланысты Премьер-министр осы облыстардың әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.


- Ауру азаматтарды емдеу және вирустың таралуын азайту бойынша қарқынды жұмысты жалғастыру қажет, оның ішінде санитарлық нормалар мен маска режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру науқаны қажет. Бүгінгі таңда әлемдік статистика 126 елде жағдайлардың жаңа өсімі тіркеліп жатқанын көрсетіп отыр, сондықтан пандемияның жаңа толқынына дайын болумыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптарды орындау және жоспарланған іс-шаралар кешенін орындау қажет. Ералы Лұқпанұлы (Тоғжанов - ҚР Премьер-министрінің орынбасары) осы жағдайды үнемі бақылауда ұстаңыз, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
#премьерминистр #коронавирус #эпидемия 
скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930