USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде вакцина дайындайтын мамандардың жалақысы көтеріледі

  • 14.сәуір.2021, 18:46,
  • 257

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми зерттеулерге ғалымдарға жыл сайын миллиард теңгеден бөлінеді. Олардың жұмысына коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу де кіретінін айта кеткен жөн. Бұл туралы БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді. 

Жанна Құрманғалиева коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаны әзірлеумен айналысатын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына еңбекақыны арттыру туралы сұраққа жауап берді.


"Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мың теңгеден басталады. Әкімшілік және қызмет көрсету қызметкерлерінің жалақысы 250 мың теңгеге дейін болады.


Сонымен қатар, институттың ғылыми зерттеулеріне 2022-2024 жылдары еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жылына шамамен миллиард теңгеден 2,8 миллиард бөлінді", - деді Құрманғалиева ОКҚ брифингінде.


Оның айтуынша, қазір институт жанында ҒЗИ қызметкерлеріне үш үй салынып жатып, бұл - 180 пәтер.


"Жақында ғана республикалық бюджеттен осы 180 пәтерге тұрмыстық техника, жиһаз және өзге де жабдықтар сатып алуға 293 миллион теңге бөлінді. Яғни, біздің ғалымдар мен институт қызметкерлері осы пәтерлерге қоныстанғанда, онда барлық қажетті зат тұрады", - деді ол.


#вакцина #екпе #жалақы #қызметкерлер #ДСМ #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.04.2021
24.12.2020
03.09.2020
07.08.2020
29.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031