USD 493.85
EUR 571.78
RUB 6.25
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Петропавлда Ленин ескерткіші сатылымға қойылды

  • 24.наурыз.2021, 18:51,
  • 245

OLX сайтында биіктігі 3,5 метр Владимир Лениннің қола мүсіні 9 миллионға сатуға қойылды. 

Капитализмде бәрін сатып алуға болады, соның ішінде Ленин ескерткішін де. Мүсіннің салмағы 1400 келі екені хабарланды. Ескерткіш тұғырында "КСРО Өнер қоры, Мытищинс көркем құю зауыты" деген жазу бар.

"Мұндай құнды экспонаттың иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты, ол Ленин мүсінін түрлі-түсті металл сынықтары емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын хабарлады. Бағасы 1 600 000 Т деп тұр, бірақ жарнаманың мәтінінде ақша рубльмен көрсетілгені жазылған. Ұлттық валютаға ауыстырғанда бұл шамамен 9 миллион теңге", - делінген сайтта.

Ескерткіш шынымен қоладан жасалса, онда түсті металл сынықтары нарығындағы оның құны шамамен 1400 келіге 2 миллион теңге болады. 



#Ленин #капитализм #сатылым #мүсін #қола #Петропавл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
28.01.2021
25.01.2021
22.10.2020
02.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031