USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

112 миллиард теңге зейнетақы бойынша өтінімдер мақұлданды

  • 28.қантар.2021, 15:13,
  • 350

БЖЗҚ екі күнде мерзімінен бұрын зейнетақы жинақтарын шешіп алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдады. Қор өкілдері кейбір қазақстандықтың өтінімі неге қабылданбағанын да түсіндірді

Бірінші күні, 25 қаңтарда БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдаған болатын


Ал 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға "Отбасы банк" уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 314,3 миллиард теңгеге 17 092 өтінім келіп түсті. Зейнетақы жинақтарын алуға арналған барлық өтінім қаралғаны хабарланды. 63 миллиард теңгеден астам сомаға 11 798 өтінім мақұлданды.


"БЖЗҚ" АҚ-ға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салымшылардың "Отбасы банк" АҚ-дағы арнайы шоттарына 63 миллиард теңгеден аса қаражат аударылады. Аударымның орташа сомасы 5,4 миллион теңге.

БЖЗҚ-да заңнама талаптарына сәйкес келмейтін 5 294 өтінім (31 пайыз) қабылданбады.


25 және 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан келіп түскен жалпы сомасы 112 миллиард теңгеге жуық 20 252 өтінім қабылданғаны хабарланды. Өтінімнің орташа сомасы шамамен 5,6 миллион теңге", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар, "Отбасы банктен" БЖЗҚ-ға жіберілген өтінімдердегі негізгі қателік бұрынғыша шешу сомасының дұрыс көрсетілмеуі екені айтылды. Өтінімі қабылданбағандар арасында БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты мен зейнетақы жинақтары жоқ адамдар да болды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
27.01.2021
22.01.2021
24.12.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930