Нидерландының Лейден университетінің зерттеушілері қола сақиналар, білезіктер, тіпті 5 мың жыл бұрынғы балтаның басын зерттеп, қола дәуірінде олар Еуропада алғашқы жалпы валюта ретінде пайдаланылды деген қорытындыға келді.
Зерттелген нысандар әртүрлі археологиялық орындардан, соның ішінде қазіргі Германия, Аустрия, Чехия, Скандинавия территорияларынан шыққан. Тек жеке заттар ғана емес, жүздеген данадан тұратын коллекция да бар. Нысандар әртүрлі аймақта табылғанмен, олардың пішіні мен салмағы бірдей. Зерттелген барлық сақинаның шамамен 70 пайызының салмағы - 195 грамм.
Ғалымдардың айтуынша, ерте қола дәуіріндегі еуропалықтар бұл заттардың пішіні мен салмағын валюта ретінде пайдалану үшін бірдей қылған. Оның белгісі пішіні мен салмағы, ұқсастығы және жиі кездесетінінде.
Ғалымдар ежелгі адамдар алыс ара-қашықта ортақ валюта ретінде қызмет ету үшін заттардың стандартты мөлшері болуы керек екенін түсінген дейді.
"Салыстырмалы салмақ пен өлшеу жүйесін жасау адам ақылының маңызды тарихи жетістіктерінің бірі" - деп түсіндірді Лейден университетінің археология кафедрасы қызметкері Майкель Куиджперс пен Каталин Попа.
Айта кетейік, ұлыбританиялық серуендеуші құны шамамен 800 мың фунт стерлинг (шамамен 457 миллион теңге) болатын қазына тауып алған.
#валюта #еуропа #нидерланд #фунт