USD 536.32
EUR 626.9
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдады

  • 24.ақпан.2021, 16:26,
  • 237

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловқа қолдау көрсетті. 

Ильин шенеуніктің қос азаматтығына қатысты Instagram-парқшасында пікір білдірді. Ол Қазақстанда білікті спорт жетекшілері көп емесін айтып, Почиваловқа мүмкіндік беру керек деп жазды.

"Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Егер қос азаматтықты елден кету үшін алса, онда ол Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей-ақ, ол елге баяғыда кетіп қалар еді. Елімізде білікті спорт кадрларын сақтауға тырысуымыз қажет. Өйткені ондай адамдар саусақпен санарлық. Егер Ресей Федерациясының азаматтығы болмаса, онда Олег Почиваловқа аймақтағы спортты дамытуға мүмкіндік беру керек", - деп жазды Ильин. 

 

Айта кетейік, Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почивалов Ресей азаматтығын алғаны белгілі болғаннан кейін Қазақстан азаматтығынан айрылған еді.

Шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат желіде бірнеше ай бұрын пайда болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігінде теріске шығарған болатын, бірақ кейінірек полиция растады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.02.2021
09.12.2020
10.10.2020
11.09.2020
10.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031