Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады.
Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:
- Осы бұқаралық спортты дамыту - біздің болашағымыз үшін, оның ішінде, жастарымыз үшін өте маңызды. Себебі, бүгінгі осы еліміздің абыройын көтеріп жүрген олимпиада және әлем чемпиондары бұқаралық спорттан шықты. Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз. Сондықтан, спорт нұсқаушыларының жалақысын көтеру, олардың жұмыстарын ұйымдастыру Спорт министрлігінің басты міндеттерінің бірі болу керек, - деді.
Енгізілген жаңа нормалар бұқаралық спортты дамытып, дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Заң жобада жүріп-тұруы шектеулі адамдардың дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік беретін нормалар да қарастырылған.
Сондай-ақ, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін құру, білім беру бағдарламаларына ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті шартты енгізу ұсынылады. Бұл нормалар дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
#спорт #бокс #денешынықтыру #нығматулин