USD 541.18
EUR 636.05
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қос азаматтығы бар шенеунікке қатысты сот шешімі жарияланды

  • 22.ақпан.2021, 13:37,
  • 280

Сот қос азаматтығы бар Шымкент қалалық спорт басқармасы басшысының ісі бойынша шешімін жариялады. Шенеунік Шымкент полиция департаментіне арыз жағанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартты. 

Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын. 

"Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын және төлқұжаты барын анықтады, мұны №1 көшірме растайды. Бұл деректі Шымкент бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хаты мен РФ ІІМ жауабы растады.

Почивалов және оның өкілі сотқа теріс дәлел келтірмеді. Осылайша, полиция департаментінің іс-әрекетінде заңсыздық анықтаған жоқ", - деді судья Нұрғали Исмаилов.

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталған болатын. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.



#қосазаматтық #шенеунік #сот #жаза #үкім #ресей #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930