USD 430.39
EUR 515.52
RUB 5.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына соңғы мүмкіндік берілді

  • 23.ақпан.2021, 16:44,
  • 50

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. 

Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы жақында болған авариялық жағдайға қатысты ақпарат берді. Комитет басшысының сөзіне қарағанда, 19 ақпанда компанияның конвертер цехтарының бірінде тазарту жабдықтарының жұмысында ақаулар болған. Осыған байланысты бір сағаттың ішінде бүкіл газ көлемі қоршаған ортаға тазартусыз кірді. Аумақтық экология департаменті жедел түрде бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. «Қазір біздің мамандар кәсіпорында, тексеру жүргізілуде. Ең бастысы, біз келесі мәселелер бойынша шаралар қабылдаймыз – уақтылы хабарламау, нормативтерден асып кету, тазарту құрылыстарын пайдалануды бұзу, сараптамадан ауытқу», - деп атап өтті комитет төрағасы. Ол сондай-ақ осы оқиғаға байланысты Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев «АрселорМиттал» компаниясының вице-президенті Вижай Гоял мырзамен кездескенін хабарлады. Кездесу барысында министр кәсіпорын өндірісін экологияландыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жаңа экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшуді жүзеге асыру, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және Теміртауда 500 мың ағаш отырғызу. Сонымен қатар, Зулфухар Жолдасов «АрселорМиттал Теміртау» жұмысындағы жүйелі проблемалардың бірі ЖЭО-ның ескірген жабдықтары болып табылатынын хабарлады. «Теміртау-ауасы барынша ластанған қала. Қазгидрометтің мәліметтері бойынша 2 жыл ішінде ластану деңгейінің 10 еседен астамға артуының 67 жағдайы тіркелді. Шығарындылардың негізгі үлесі «АрселорМиттал Теміртауғйй» тиесілі. Жүргізілген тексерулер кезінде кәсіпорында шаң бойынша рұқсат етілген нормалардан 125 есе асып кету тіркелді», - деді спикер. Зұлфұхар Жолдасов компанияның табиғатты қорғау іс-шаралары қағаз жүзінде ғана «жұмыс істейтінін» атап өтті. «Біз компанияның табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін талдадық. Мәселен, соңғы 5 жылда кәсіпорын табиғатты қорғау іс-шараларына 28 млрд.теңге жұмсады, нәтижесінде шығарындылар тек 190 тоннаға ғана төмендетілді, бұл шығарындылардың жалпы көлемінің 0,08%-ы»,- деді комитет басшысы. Еске салсақ, Экология министрі «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына өндірісті жаңғырту туралы шарт қойған еді.



#АрселорМитталТеміртау #Мырзағалиев #Экология #ағаш #шығандылар #улыгаз #ауаныластау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.02.2021
14.01.2021
02.11.2020
14.08.2020
08.08.2019
ПІКІР
«    Сәуір 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930