USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"АрселорМиттал Теміртауға" жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

  • 20.ақпан.2021, 12:13,
  • 300

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді. 

Тексеру себебі Қарағанды облыстық экология департаментінің атмосферадан ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асып кету дерегін тіркегенімен байланысты.


"19 ақпанда, сағат 16:30-да үрлеу кезінде газды тазартатын алғашқы скруббердің қабырғаларына жабысқан шаң N 2 конвертерге құлады. Балқу дереу тоқтатылды. Экология министрлігі азаматтардың аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты алаңдаушылығын бөлісетінін де хабарлаймыз. Сондықтан, осындай деректерге қатысты жедел шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Ашықтық және бейтараптылық қағидаттарына негізделген тексеру қорытындылары бойынша, Экология министрлігі баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа экологиялық кодекске сәйкес ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ), яғни бүгінде шығарындылар деңгейін барынша төмендету үшін заманауи сүзгілерді енгізуі тиіс. Бұл талап заңмен бекітілген және биыл күшіне енеді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қазанында Экология министрлігі аталған компаниямен 2023 жылға дейін шығарындыларды 30 пайызға төмендету туралы меморандумға қол қойғаны атап өтілді.

Өңір тұрғындарының қатысуымен өткен соңғы кездесу кезінде министр Мағзұм Мырзағалиев "АрселорМиттал Теміртау" басшылығынан сәуірде шығарындыларды азайту жөнінде стратегия ұсынуды талап етті.



#АрселорМитталТеміртау #улыгаз #тексеріс

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.01.2021
24.11.2020
12.10.2020
28.09.2020
25.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031