USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ТЭЦ-3 Алматы экологиясына әсер ете ме? Экология министрінің жауабы

  • 14.августа.2020, 11:30,
  • 356

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТЭЦ-3 Алматы ауасын ластауға қалай әсер ететінін айтты.

"Біз ТЭЦ-3-тің Алматыға әсерін карантин кезінде анықтадық. Бұған дейін ол ескерілмейтін. Қазір біз ТЭЦ-2-ден 33 мыңға дейін, ал ТЭЦ-3-тен 12 мыңға жуық зиян зат шығатынын көріп отырмыз. Бірақ Түрксіб ауданы түгелдей, бұрын Калинин, Мичурин колхозы болған аумақ, қазір Белбұлақ деп аталады, әуежай аумағы - бұлардың бәріне ТЭЦ-3 әсер етеді", - деді министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ министрліктегі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов ТЭЦ-3-тің әсері туралы пікір білдірді.

"Алматы бірнеше жыл елдегі ең лас қалалардың тізімінде болды. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан.  ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қалдының үштен бір бөлігіне тең болады", - деді Жолдасов.



#экология #министр #мырзағалиев #алматы #тэц-3

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.08.2020
19.11.2019
20.06.2019
18.06.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930