USD 530.15
EUR 617.47
RUB 6.64
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Жиһаздың есігі сынып жатыр, медбикелер оны жасырып әлек" - Ахметов ШҚО-дағы аурухана туралы

  • 20.ақпан.2021, 13:26,
  • 429

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, онда әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты, - деп хабарлайды Arnapress.kz сайты.

Әкім аралаған әлеуметтік нысандардың қатарында Қайнар ауылындағы орталық аурухана да болған. Ахметов аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп екенін айтты.

"Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады", - деді облыс әкімі.

Фото және видео: Facebook/@Danial Akhmetov

Даниал Ахметов бюджеттен жөндеу жұмыстары мен қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлінетінін айтты. "Ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы ескірген екен, тезарада жаңасын алып беру тапсырылды. Денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ, перзентхана ашу үшін жұмысты бастауы қажет", - деп жазды әкім Facebook-те.



#ДаниялАхметов #әкім #нысан #есік #сынық #аурухана 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.02.2021
13.01.2021
22.10.2020
29.09.2020
21.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031