USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ең жас депутат Мәди Ахметов сынға жауап берді

  • 13.қантар.2021, 15:04,
  • 268

Алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты болды. Бірақ әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынға алып жатыр. Депутат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтардың сынына жауап берді.

"Сол жиналыста залда жастар тобы отырды, алматылық жастар да, жасотандықтар да болды. Мен олардың атынан сөйледім. Сол кезде мен "Жас Отанның" төрағасы қызметінде болған едім. Сондықтан бұл маған осы жастардың атынан сөйлеуге мүмкіндік береді. Мені бүкіл Қазақстан атынан сөйледі дегені тым асыра айтылған", - дейді Ахметов.

Осы ретте жас депутат оған осы қызметке келуге біреудің көмектескені туралы пікірге жауап берді.

"Мен ол жаққа қандай да бір бизнес-жобалар немесе қандай да бір заңды алға тартып, оны дамыту үшін бармаймын. Мені ағашка немесе көкешка қолдамайды. Бұл зор жауапкершілік. Мен ол үшін бар білімім мен күшімді саламын.

Nur Otan партиясында мен ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар. Мысалы, Ернұр Бейсенбаев, Вера Ким және басқалар. Біз бір-бірімізді қолдаймыз деп үміттенемін. Стереотипті өзгерту керек. Содан кейін біз "жастарға жол" дейміз, ал жастар келгенде "ол тым жас" деп бастаймыз", - дейді депутат.

Мәди Ахметов жаңа лауазымда қазақстандық жастардың мәселелерімен айналысуды жоспарлап отыр екен.

Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика факультеті бойынша аяқтаған. Мәжіліс депутаты лауазымына тағайындалғанға дейін ерікті болған, "Жас Отан" Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген.


#депутат #мәдиахметов #жауап #сын #жасдепутат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.01.2021
06.12.2020
28.09.2020
13.09.2020
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930