USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

СҚО әкімі коронавирустан емделуді рулеткамен салыстырды

  • 22.қазан.2020, 20:19,
  • 299

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов коронавирус инфекциясынан емдеу тиімділігін рулеткамен салыстырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде өз оқырмандарына айтты.

"Ешкім сізді құтқаратынына жүз пайыз кепіл бола алмайды. Сіздің ағзаңыз қалай әрекет ететінін де ешкім білмейді. Ешбір маман емдеудің қаншалықты тиімді екенін нақты айта алмайды. Бұл рулетка сияқты. Вирус жұқтырғандардың жартысында пневмония дамиды", - дейді Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы оқырмандарына әдетте күн салқындаса суық тию көбейетінін айтты. Осыған байланысты коронавируспен күрес қиындайды. Бұған өңір дайын.

"Ауруханалар екі айлық дәрі-дәрмек қорымен, ал дәріханалар желісі 1 айға қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда 3 400 төсек-орынды орналастыруға дайынбыз. Жасанды тыныс алдыру аппараттарының саны 3 есеге артты: 73-тен 232 бірлікке дейін", - дейді әкім.

Еске салайық, СҚО-да вирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты 10 елді мекенде шектеу шаралары күшейтілді.



#сқо #әкім #коронавирус #карантин #медицина 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.09.2020
24.09.2020
09.09.2020
10.08.2020
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30