USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік қызметке жұмысқа шығу ережесі өзгертілді

  • 10.ақпан.2021, 15:14,
  • 233

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін өзгерту жоспарланып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрайымы Анар Жайылғанова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Президент бастаманы қолдағанын да айтты. 


"Аталған тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін (2021 жылдың 1 шілдесіне дейін - автор.) пилот режимде апробациялау жоспарланды. Жалпы алғанда, тәсілдер мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін және факторлық-балдық межені синхрондауды көздейді, іріктеу құралдары қайта қаралды. Бұл ретте процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, білігін бағалау, әңгімелесу. Айтылған өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамын күшейтуге ықпал етеді", - деді Анар Жайылғанова агенттіктің алқа отырысында.


Агенттік басшысы 2020 жылы жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеуді көздейтін жарлық қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл талаптарға тиісті білім, жұмыс тәжірибесі мен құзыреттілігі кіреді.   


"Кәсіби даярлық сапасын қамтамасыз ету үшін агенттік жанындағы Үйлестіру кеңесі мемлекеттік қызметшілердің білігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізімін жасайды. Сонымен қатар, 2020 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен білігін арттырудың құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді", - деп толықтырды Жайылғанова.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.12.2020
18.11.2020
30.07.2020
28.07.2020
12.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930