USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда саяси қызметшілер ротациядан өтеді

  • 18.қараша.2020, 12:54,
  • 316

Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілді. 

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекет басшысы биылғы 13 қарашада мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір актіге өзгерістер енгізуді көздейтін жарлыққа қол қойды.

"Осылайша, елімізде саяси қызметшілерді ротациялау институты алғаш рет енгізілді (бұрын ротация әкімшілік қызметшілерге ғана қолданылған). Енді, саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланатын болады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Кейіннен екі жылға ұзарту Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша ғана мүмкін болады.

"Осылайша, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайды. Саяси қызметшілерді ротациялау институты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен "Б" корпусының қызметшілерін ротациялау тәртібіне толықтырулар енгізілді. Мәселен, әкімдіктер басқармаларының басшыларына өңіраралық ротациялау енгізілді (бұрын оларды ротациялау тек бір әкімдік шегінде ғана мүмкін болатын). Бұл ретте мұндай ротация әкімдіктерде командалық орын ауыстыруға жол бермеу мақсатында Агенттікпен келісім бойынша жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, соңғы үш жылдан кем емес белгілі бір басшылық лауазымдарды атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органда жұмыс істейтін "Б" корпусының қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілді. Сонымен қатар, мұндай ротация басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке ғана мүмкін болады.

Зейнеткерлік жасқа толғанға дейін үш және одан аз жыл қалған қызметшілерге ротациядан бас тарту құқығы берілгенін атап өткен жөн.

"Ротацияның негізгі мақсаттары мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылады", - деді агенттіктегілер.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен "Б" корпусының қызметшілерін мемлекеттік органдардың ішінде ауысу тәртібімен тағайындау мүмкіндігі енгізілді.

Сонымен, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік орган ішіндегі өзге де тең дәрежелі лауазымға, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымға осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл төмен тұрған лауазымда өтілі болған жағдайда ауысу тәртібімен тағайындалуы мүмкін.

Бұл өзгеріс мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдар ішінде мансаптық ілгерілеуіне ықпал етеді.




#шенеунік #ротация #институт #лауазымдытұлға #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.10.2020
14.09.2020
30.07.2020
21.05.2020
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930