USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Автокөлікті телефонмен онлайн тіркеуге болады

  • 26.қантар.2021, 10:31,
  • 290

2021 жылғы 25 қаңтарда Astana Hub алаңында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (ҚР ЦДИАӨМ) мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (ҚР ІІМ) Ерлан Тұрғымбаевтың бірлескен кеңесі өтті.

Кеңес барысында Бағдат Мусин мен Ерлан Тұрғымбаев цифрландыру саласындағы бірлескен жобалар мен алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.

Сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі таныстырылды.

Бұрын автокөлікті тек мамандандырылған ХҚКО-да немесе eGov.kz порталда тіркеуге болатын. Енді, мемлекеттік қызмет Kaspi.kz қосымшада онлайн қолжетімді. Көлікті тіркеу мүмкіндігі басқа мобильді қосымшаларда пайда болады.


Енді, сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарғанда, сервис көлік құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмірлік белгіні онлайн таңдайды, – деп түсіндірді ҚР ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин.


"Жаңа сервисті пайдалана отырып, автокөлікті сатып алушы мен сатушы мемлекеттік органдарға жүгінбей, бұл ресімдерден өз бетінше өте алады. Онлайн мәміле аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні "Электрондық үкімет" порталындағы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚКО - да өз бетінше алып кетуге болады", - деп толықтырды ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан басқа, Astana Hub алаңында Министрліктер басшыларына технопарк резиденттерінің IT-өнімдері таныстырылды. Олардың ішінде E-Knot - мүлік иелері мен көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары, сондай-ақ ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ақпараттық-цифрлық платформа. Осылайша, тұрғындар әртүрлі коммуналдық мәселелер туралы осы менеджерлеріне хабарлай алады, ал заңсыз әрекеттер, бұзушылықтар және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты жедел түрде учаскелік полиция инспекторына бере алады.

Кеңес барысында екі ведомство басшылары бірыңғай республикалық бейнебақылау жүйесін құру және ЖБО бейнебақылау жүйесін жаңғырту, түзеу мекемелерінде бейнебақылау жүйесін енгізу және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдарды бақылау бойынша электрондық білезіктерді енгізу мәселелерін талқылады.



#көлік #тіркеу #авто 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.01.2021
04.12.2020
17.11.2020
10.10.2020
20.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031