USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көлік иелері үшін құжат саны қысқарды

  • 04.желтоқсан.2020, 15:54,
  • 355

Қазақстанда енді көлік жүргізушілері өзімен бірге көп құжат алып жүрмейтін болды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілер үшін қағаз құжаттардың санын қысқарту мәселелесін пысықтап қойды. 

Қағаз құжаттарды электронды форматқа көшіру Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы аясындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Толып жатқан құжаттарды өзіңмен бірге алып жүруді доғару автокөлік иелері үшін де өзекті мәселе болып отыр. Бұл ұсыныс Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық реформалар пакетіне енгенін айтқан. Белгілі болғандай, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі жүргізушілер үшін қағаз құжаттардың санын қысқарту мәселелесін пысықтап қойды. Осыған қатысты ереже Парламент Мәжілісінің депутаттары бастама еткен жол қозғалысы мәселелеріне қатысты заңнамаға енгізілді. Бұдан былай автокөлікті тексерген жағдайда тәртіп сақшысына тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынса жеткілікті. Ал көлік иесі туралы өзге деректердің барлығын, сенімхаттың кімге жазылғаны, сақтандыру полисі мен техникалық байқаудың мерзімдері туралы ЖПҚ инспекторлары планшеттен және жүйеге кіру арқылы көре алады. Айта кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөз алған еліміздің Президенті аталған мәселені шешу жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын. «Бізде әлі күнге дейін қай жерде болмесын ең алдымен қағаз құжаттарды талап етеді. Мысалы, жүргізушілердің барлығы техникалық құжат, жеке куәлік, сақтандыру құжаты, тағысын тағыларын өзімен бірге алып жүреді. Оларды үйінде ұмытып кеткені үшін жазаланады. Үкімет осы мәселені шешуге міндетті», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «автокөлікті тізгіндеуге құқылы екеніңді дәлелдеу үшін өзіңмен бірге бір бума құжатты алып жүру – өткен дәуірдің көрінісі» деп мәлімдеді. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі құжаттарды ғана емес, процестерді де автоматтандыруды мақсат етіп отыр. Келіп түскен ұсыныстарға сәйкес, автокөлік жүргізушісінің өзімен бірге құқық белгілейтін барлық құжаттарды алып жүруін міндеттемейтін ереже енгізу көзделуде. Тек жеке куәлік болса болғаны. ЖПҚ қызметкерлері сол бойынша планшеттен азаматтың атына қандай көлік тіркелгені, сақтандыру полисінің мерзімінің қашан аяқталатыны, техникалық байқаудан өткен күні мен айыппұлдың бар-жоғы секілді деректерді толықтай көре алады. Сонымен қатар полицейлердің қызметтік планшеттерін көшедегі бейнекамералармен кіріктіру жоспарда бар.



#көлік #жүргізушілер #құжат #президент #тоқаев 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.10.2020
12.10.2020
02.08.2019
17.07.2019
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930