USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде электронды кедендік сүйемелдеу пайда болды

  • 12.қантар.2021, 15:18,
  • 285

Кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы №407-VI Заңы қабылданды.

Түзетулер негізінде қабылданған жаңашылдықтың бірі - спутниктік навигацияны қолдану арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізу, бұл нақты уақыт режимінде көлік құралының бағыты бойынша нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы толықтырулар шеңберінде кеден органы электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген.

Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады.

Мұндай оператор Қазақстан Республикасында анықталып қойған.

Бұдан бұрын "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда "халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы" ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардың көмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленді, онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған.



#кеден #сүйемелдеу #қазақстан #заң 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.12.2020
28.07.2020
04.06.2020
03.06.2020
28.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031