USD 508.91
EUR 594.36
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

  • 26.желтоқсан.2020, 13:14,
  • 482

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
 
 

Заң жобасын Парламент депутаттары ұсынған. Ол қабылданған жағдайда мыналар қарастырылады:

  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лимиттерін айқындау жөніндегі тәсілдерді өзгерту;
  • мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға арналған шығынның экономикалық тиімдігіне бағалау жүргізу;
  • бюджеттік өтінімдерді шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеулермен енгізу;
  • Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту үшін контрциклді бюджет ережесін енгізу;
  • республикалық бюджетте президенттік бастамаларға арналған резервті жоспарлау;
  • "мемлекеттік тапсырма" тетігінің қолданысын жетілдіру;
  • республикалық бюджет жобасына материалдарды Парламентке ұсыну форматын өзгерту.


#бюджет #өзгерту #заң #президент #тоқаев 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.11.2020
04.07.2020
05.01.2020
28.11.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031