USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Денсаулық сақтау министрі ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды

  • 25.желтоқсан.2020, 15:20,
  • 202

Алексей Цой өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысты.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алексей Цой өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысты, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын және ҚР Үкіметінің денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған міндеттерін түсіндіру үшін бірқатар кездесу өткізді.

Министр Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық орталығында болды, сондай-ақ өңірдегі активтермен кездесу өткізді, медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы күреске тартылған мамандарға арналған үстемақы жайлы айтты.

А.Цой дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі міндетті іске асыру үшін 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында шамамен 1,1 трлн теңге қарастырылғанын еске салды.

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрлік Қазақстан халқының қажеттіліктеріне және шетелдік практиканың озық жетістіктеріне жауап беретін МСАК-ты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру бойынша жұмыс істеуде. Ол үшін амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасы қалыптастырылуда, ол елдің бүкіл халқын профилактикалық тексерумен қамтуды және "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес кемінде 300 МСАК объектісін ашуды, МСАК жұмысын халықтың медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қажеттіліктеріне бағдарлауды қамтиды.


"Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін барынша көліктегі медицинаны дамыту қажет. Қажетті жабдықтармен, ӨЖЖ аппаратымен толық жабдықталған 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алып, өңірлерге тараттық. Мұның барлығы еліміздің түкпір-түкпіріндегі халыққа сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деді А.Цой

.


Сонымен қатар Президенттің тапсырмасын орындау аясында денсаулық сақтау саласындағы кадр саясатының ұзақ мерзімді болжамы әзірленді, сондай-ақ тапшы медициналық мамандықтарды: эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиологтарды даярлау ұлғайтылды. "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап ЭКҰ бойынша квота саны 7 есеге артады.



#алексейцой #министр #шқо #коронавирус #эпиджағдай

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.11.2020
30.10.2020
26.10.2020
31.08.2020
25.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031