USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

  • 30.қазан.2020, 17:29,
  • 297

Үкімет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық шаралары туралы баяндалды.

Степногорск қаласында Үкімет басшысы агроөнеркәсіптік сектор, химия өнеркәсібі және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына – "Қазақстанның жылыжай технологиялары", "Степногорск" ЕМК" мойынтірек зауытына, пестицидтерді шығаратын "Астана-Нан Chemicals" зауытына, "Степногорск тау-кен химия комбинатына", "Қазақалтын Technology" және "Ақсу Technology" кәсіпорындарына барды.

Көкшетау қаласында Премьер-министр 200 төсек орнына арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, өңірге жеткізілген елімізде құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді, жедел жәрдем машиналарын қарап шықты. Үкімет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық шаралары туралы баяндалды.

Мамин қаланың әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы объектілерінің салыну барысымен, іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалармен, сондай-ақ осы жылғы қараша айында өтетін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жұмыстарымен танысты.

Көкшетау қаласы экономикасының қала құраушы салалары — машина жасау, құрылыс индустриясы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, көлік-логистика қызметтері. 2020 жылдың 10 айында қалада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 41,4%-ға – 108,1 млрд теңгеге дейін, инвестициялар көлемі 1,7 есе – 49,8 млрд теңгеге дейін, құрылыс жұмыстары 1,9 есе – 25,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Бурабай ауданының Щучинск қаласында Премьер-Министр "IQanat High School of Burabay" мектебіне барып, Бурабай қаласы туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.



#мамин #премьер-министр #ақмола #іссапар

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930