Мәжіліс бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобасын талқыламақ.
Сонымен қатар, Палата бірінші оқылымда туристік қызмет, нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты депутаттық заң жобаларын қарайтын болады.
Алдағы жалпы отырыста орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, депутаттар қарауына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы да ұсынылды.
#нығматулин #мәжіліс #депутат #президент #жолдау #үкімет