USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сапарбаев: "Ешқандай зауытым жоқ"

  • 02.желтоқсан.2020, 17:28,
  • 366

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиектас шығаратын зауыт туралы сұраққа жауап берді. 

"Бердібек Машбекұлы, сіз Жамбыл облысына келгеннен бастап жиектастар алмастырыла басталды. Сіздің жиектас шығаратын зауытыңыз бар ма?" - деді журналистер ОКҚ онлайн-брифингте.


"Бұл сұрақ маған 15 жылдан бері қойылып келе жатқан шығар. Шығыс Қазақстаннан басталып, Жамбыл облысында жалғасып жатыр. Біріншіден, ШҚО-да кезінде менің ешқандай зауытым жоқ екенін айттым. Зауытым болса, әкім болып жұмыс істемейтін шығармын. Жол төселгенде жиектас бар ма, жоқ па - қарау керек. Бұл - бір. Екіншіден, жиектастардың сапасы қандай болып тұрғанын қарау керек. Содан кейін шешім шығарылады. Жол салғанда міндетті түрде жиектас қою керек", - деді аймақ басшысы.



Ол Таразда сапасы жақсы жиектестардың алмастырылғанан атап өтті.

"Біз оларды осы үшін жазаладық. Себебі жақсы жиектастарды қайта пайдалануға болады. Тағы да айтқым келеді: тексеріп көріңіздер. Менің ешқандай зауытым жоқ. Алматыда Сапарбаевтың зауыты бар, Сапарбаев жиектастарды әдейі ауыстырады деп жазды. Бекітілген норма бар, сол нормаға сәйкес жиектастар алмастырылады", - деді Сапарбаев.


#сапарбаев #зауыт #тараз #жиектас 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2020
03.08.2020
15.07.2020
15.06.2020
20.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930