"Біз жағдайға талдау жасадық. Айта кету керек бірінші нәрсе: аурудың өршуі мен шектеулерді жою, атап айтқанда аймақтар арасындағы блокбекеттерді алып тастау арасында тікелей байланыс бар.
Мамырда блокбекеттер ашылғаннан кейін 14 күн өткен соң вирус жұқтырғандардың көбейгенін атап өттік. Денсаулық сақтау жүйесі қандай болса да, мұндай жағдайда ол ауруды 100 пайызға жеңе алмайды", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Сондай-ақ, Надыров халықтың да карантин ережелерін бұзғанын атап өтті.
"7 мың төсек те өте тез уақытта толуы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Осындайда медицина сапасы тез төмендейді. Қорытынды жалғыз-ақ: біз денсаулық сақтау жүйесіне штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Мұнда айтқым келгені, клиника ауыр жағдайдағы науқастармен толмауы тиіс", - деп түйіндеді ол.
#төтеншежағдай #надыров #кемшіліктер