USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Біртановпен байланыста болғандар коронавирусқа тест тапсырды

  • 15.июня.2020, 09:00,
  • 482

Премьер-министр Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусты анықтауға тест тапсырды.

"Білім және ғылым министрі COVID-19-ды анықтауға тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. Асхат Қанатұлының жағдайы жақсы, бірақ ереже бойынша, ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ, хаттамаға сәйкес белгілі бір уақыт өткен соң ол қайтадан тест тапсырады", - деді министрліктің баспасөз қызметі.


Бұдан бөлек, Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың да коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. Олардың да нәтижелері теріс болып шыққан. Тестілеуден өткендер оқшауланып, видеобайланыс арқылы жұмыс істеп жатыр.



12 маусымда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барған болатын. Кездесуде Елжан Біртанов, Асхат Аймағамбетов пен Сапарбаев болған еді.


Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаны белгілі болды. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Премьер-министр баспасөз қызметі
Тағы да оқыңыздар:
22.04.2020
16.04.2020
06.04.2020
20.09.2019
13.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930