USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

1 тамызға дейінгі пневмония жағдайлары статистикаға кірмейді. Цой түсіндірді

  • 03.августа.2020, 16:00,
  • 392

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 1 тамызға дейін тіркелген пневмония жағдайлары неге коронавирус статистикасына кірмей қалғанын атап өтті. 

Ол тіркелген пневмония жағдайларының саны туралы мәліметтер болашақта шешім қабылдауға қажет екенін түсіндірді. Атап айтқанда, пандемияның күзгі кезеңін болжау үшін қажет.

"Бізге бүгінде нақты статистика қажет. Олар ашық болуы керек және нақты жағдайды көрсетуі тиіс. Біз осыған назар аударып, жүйені қайта жасадық", - деді Алексей Цой.

Қазақстанда жыл басынан бері 234 мың пневмония жағдайы тіркелген. Цойдың айтуынша, коронавирусқа ұқсас пневмония санын бөлу және оны қазіргі статистикаға енгізу дәрігерлерге үлкен жүктеме түсіреді.

"Жағдайларды кодтау және оларды ақпараттық ресурстарға енгізу - дәрігерлер үшін үлкен жүктеме. Қазір дәрігерлер ретроспективті түрде қарайтын болса, онда ол пациенттерді емдейді немесе деректерді іріктеумен айналысады. Екеуінің бірін таңдауымыз керек болады. Менің ойымша, күзгі кезеңді және пандемия барысын дұрыс болжау үшін болашақ көрсеткіштер маңыздырақ", - деп қорытындылады Алексей Цой.



#цой #министр #коронавирус #пневмония #статистика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2020
01.08.2020
28.07.2020
06.07.2020
16.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930