Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттарымен және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Жұмыс сапарының барысында вице-премьер 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты, облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына және аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін "Іңкәр" ЖШС қоймасына барды.
Сондай-ақ, вице-премьер Атырау қаласының №4 емханасында болды. Бүгінгі күні өңірде бірінші болып келушілердің температурасын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді. Е.Тоғжанов өңірде "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен және 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.
#тоғжанов #вице-министр #атырау #жұмыссапары