USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Асқар Мамин Ереванға барды

  • 10.қазан.2020, 12:10,
  • 369

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Ереванға барды. 

9 қазанда Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесінің отырысы басталды. Оған Армения, Ресей, Қазақстан, Беларуссия үкіметтерінің басшылары - Никол Пашинян, Михаил Мишустин, Асқар Мамин, Роман Головченко қатысады. Ереванға Қырғызстан өкілі келген жоқ, бұл осы елдің ішкі саяси жағдайымен түсіндірілдлі.

Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық бағыттарының жобасын, трансшекаралық электрондық сауданы, сондай-ақ одақ актілерін іске асыру барысын реттеу жайын талқылайды. Кездесуге қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және Одақ елдеріндегі коронавирус пен басқа да жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайтын кешенді жоспардың орындалуына назар аударады. Одақтың 2019 жылға арналған бюджетін орындау туралы шешім қабылдау және 2021 жылға арналған бюджет жобасын талқылау жоспарланып отыр.

Еуразиялық экономикалық комиссия 2018-2019 жылдары Одақтың ішкі нарығында жеңілдіктер мен шектеулерді жою бойынша Жол картасын іске асыру және 2019 жылы мүше елдер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы ақпарат береді.

Кеңесте осы одаққа мүше мемлекеттердің тауарларының экспортын қолдау жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу туралы шешім қабылдайды. Кездесуге қатысушылар өнімнің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау мәселелерін талқылайды.


#ереван #премьер-министр #мамин #үкімет 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.06.2020
23.01.2020
01.10.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031