ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», ИИДМБ мемлекеттік бағдарламалары аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңір экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.
Үкімет басшысы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалардың дамуымен танысты, атап айтқанда: экспортқа бағдарланған "Amal Bio" ЖШС алма бақтарымен, елеулі экспорттық әлеуеті бар "Адал" АӨК АҚ цифрлық сүтті-тауар фермасымен және жүгері өсіретін алаңмен танысты.