USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көлгінов: Індетті жұқтыру қаупі әлі басым

  • 10.августа.2020, 18:30,
  • 310

Алтай Көлгінов карантиннен кейінгі эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасағандарын айтты. 

"Болжамға сәйкес жағдай бірден жақсарып кетпейді. ЖРВИ маусымын ескерсек, жылдағыдай медициналық мекемелерге ауртпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, жасанды тыныс алдыру және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері де жеткізіледі. Екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізілді. Біз бұл жұмыстарды жүйелі негізде жалғастыра береміз", - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Ол қажет болған жағдайда барлық 16 инфекциялық стационарда төсек-орын қайта ашылатынын жеткізді. Айтуынша, спорттық ғимараттар мен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орныдар әзірлей алады.

"Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары алғашқы карантиннен кейін санитария нормаларын сақтанбады. Бұл кері әсерін тигізіп, індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілде айының басынан бастап 99 пайыздан 18,5 пайызға дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқастар жазылып шықты. КВИ мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды", - деді Көлгінов.

№1 және №2 қалалық балалар ауруханасы тамыздың басынан бері бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады екен.

"Бірақ індетті жұқтыру қаупі жойылды деуге әлі ерте. Инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтау қажет", - деп қорытындылады елорда әкімі.



#көлгінов #нұр-сұлтан #коронавирус #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2020
31.03.2020
20.01.2020
17.07.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930