"Біз Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін түбегейлі жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жаңа инициативаны қарауды ұсынамыз. Барлық өңірдегі өкілдермен Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастыру", - деді ол Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құруды ұсынды.
"Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде тұтынушылардың мүдделеріне талдау жүргізу және уәкілетті органмен келісу сынды міндетті талапты енгізу. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне, ағылшынша атағанда KPI, тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу керек", - деді министр.
Ведомство басшысы қысқа мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиіс өзгерістер енгізуге дайын екенін атап өтті.
#бақытсұлтанов #министр #тұтынушы #құқық #қорғау